ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Қазақстан колледждерінде тегін кәсіптік-техникалық білім алу мүмкіндігі пайда болды.

2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру»жобасы іске қосылады.
Жобаның мақсаты-алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау.
Жұмыс кәсібін мектеп түлектері, колледждер мен жоғары оқу орындарынан шығарылған бұрынғы студенттер, білімі жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар санатының өкілдері өтеусіз негізде оқи алады.
Үздік әлемдік практикаға бағдарлана отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі студенттерге кредиттік оқыту жүйесі бойынша үш мәндес біліктілікке дейін меңгеруге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Бұл болашақ мамандарға еңбек нарығында сұранысқа ие болуға және қажет болған жағдайда кез-келген уақыттан кейін оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы білікті жұмысшы кадрларды даярлау көлемін 40% - ға арттыруға және тегін білім алуға тілек білдірушілердің барлығын қамтуға бағытталған.

Жобадан күтілетін оң әсері:
• жұмыспен қамтуды ұлғайту жастар арасындағы әлеуметтік ахуалды жақсартады;
• тегін жұмыс біліктілігін алуға ниет білдірушілердің барлығын толық қамту жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, бұл жалпы ел экономикасына оң әсер етеді;
• мамандық алу адамдарға ақша табуға мүмкіндік береді, өйткені еңбек нарығында әрқашан  білікті кадрлар керек;
• кәсіпорындар кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік алады.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР:

БАЙЛАНЫСТАР

ТЕЛЕФОНДАР:
Қабылдау бөлмесі: 8(71836)2-16-02
Басшының ОТЖ орынбасары: 8(871836)2-15-81
Бухгалтерия: 8(71836)2-30-21
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы,
Чкалов к-сі, 27 үй
Copyright © ЩАТК 2021. Барлық құқықтар қорғалған.