Білікті жұмысшы кадрларды шығару.

30 маусым күні Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінде 2022 жылғы түлектерге диплом табыстау салтанаты өтті. Биыл колледжде 45 білікті жас жігіттер мен қыздар оқуын аяқтады.

15 адам «Электргазбен дәнекерлеуші» біліктілігін, 19 адам «Бухгалтер» біліктілігін, 11 адам «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігін алды.

Салтанатты шарада түлектерге Шарбақты ауданының әкімі – Абеуов Азилхан Каригулович сөз сөйледі, сондай-ақ аудан әкіміне оқу озаттары: Сыздыкова Виктория, Сальцберг Галина және Демин Константинға қызыл дипломдарды табыстау құқығы берілді.

Ата-аналар қауымы атынан Полякова Мария Григорьевна құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында колледж өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды: Боярко Иван, Шарпатый Евгений, Овчаренко Илья, Сыздыкова Виктория, Лысая Валерия, Кожанов Асаин, Майкотов Мухамед, Мурга Сергей, Ласковец Юрий.

Жақсы оқығаны үшін грамоталар: Бадер Дарья, Болванов Данил, Гербулова Виктория, Миллер Лилия, Рауш Маргарита, Вейт Артур, Ласковец Юрий, Пригода Александр, Боярко Иван.

Тысленко Анна колледждің спорттық өміріне белсенді қатысқаны және жақсы оқығаны үшін грамотамен марапатталды.

Құрметті түлектер! Бұл диплом сізді табысқа, қаржылық тәуелсіздікке және өзін-өзі қамтамасыз етуге жетелейтін мансап сатысының баспалдақтарының бірі болсын. Әрқайсыңыздың қол жеткізген жетістіктеріңізбен ешқашан тоқтап қалмауларыңызды, алдыңызда әрқашан жаңа, қызықты және жемісті перспективаларды көрулеріңізді және осы шекараларды бағындыру үшін мүмкіндіктеріңіз бен күш-жігеріңіздің болуын тілейміз.

Колледжді бітіруімен құттықтаймыз!🎉🎉🎉

Пікірлер қосу