Студенттермен әңгімелесу


Шарбақты аграрлық- техникалық колледжінде Шарбақты ауданының ЖПҚБ басшысы Муханов Саян Қуатұлы, көмелетке толмағанжар жөніндегі инспектор Топанова Махаббат Ербатырқызы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Абусеитова Сабира Абусеитқызы студенттермен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында әңгіме өткізді. Сонымен қатар, мотоциклмен жүру, коменданттық сағат, қоғамдық жерде ішімдік ішу, темекі тарту, қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты тақырыптарға кеңінен тоқталды.

#ЩАТК
#воспитательнаяработа

Добавить комментарий