Колледждердің үздік 100 студентін қазақстандықтар таңдайды
«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының республикалық кезеңі басталды. Байқау талантты жастарды қолдауға және жұмысшы біліктіліктерін насихаттауға бағытталған. Байқаудың республикалық кезеңіне үлгерімі жақсы студенттер, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшылары, «WorldSkills» халықаралық чемпионатының, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, инновациялық идеялар конкурстарының және стартап-жобалардың қатысушылары мен жеңімпаздары өтеді. Байқауға қатысушылардың көмегімен біз оқушылар мен ата-аналарды колледжде оқудың артықшылықтары туралы хабардар етеміз. Дауыс беру кезінде де табысты студенттердің өмірінен қызықты мәліметтерді білуге, сондай-ақ дайындық бағыттарымен танысуға болады. Жалпы, байқау 3 кезеңде өтеді: ішкі, өңірлік және республикалық. Үздік студенттер 2021 жылдың 1 қарашасынан басталатын онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Біздің колледжден конкурсқа ОП-21 студенті Александьяненко Александра қатысады. Конкурста сәтті өнер көрсетулеріңізді тілейміз!
ШАТК әдіскері Жармуханова Б. К.
2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР БҒМ платформасында "педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту" білім беру бағдарламасы бойынша облыс колледждерінің педагогтерін қашықтықтан оқыту іске қосылды. Курстың мақсаты цифрландыру жағдайында оқу үдерісін басқару бойынша дағдыларды өзектендіру, оқу үдерісінде АКТ қолдану үшін педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Курстың негізгі бағыты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Педагогтің кәсіби стандартының талаптарына сәйкес оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған. Мұғалімнің біліктілігін арттыру курстары барысында: педагогтің білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделейді; ақпаратпен қауіпсіз жұмыс негіздерімен танысады; оқу процесінде инклюзивті білім беру қағидаттарын іске асыру, classroom, Zoom платформаларында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары туралы біледі, LearningApps.org және басқалар; цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып,сабақтарды жобалау тәсілдерін меңгереді, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту. ШАТК әдіскері Жармуханова Б. К.
Талдамалық анықтама
2021 жылғы 16-17 қыркүйекте өткізілген" Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі " КМҚК 1 және 2 курс студенттері арасындағы пәндік олимпиаданың нәтижелері туралы