23 қарашада «Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК-да Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелерін талқылау бойынша педагог кадрлардың өндірістік кеңесі өткізілді. Талқылау барысында педагогтарға ұлттық платформада аттестаттауды өткізудің егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды. Сондай-ақ педагог-зерттеуші мен педагог-шебердің педагогикалық тәжірибесін тарату тәртібі түсіндірілді. Ұлттық платформа базасында аттестаттау процесі автоматтандырылады, педагог қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде болады. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша портфолио және тестілеу алынып тасталды.
@bilim_basqarmasy
@oqu_agartu_ministrligi
Фото: ЩАТК