Наурыз мейрамы

Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінде ерекше аталып өтті. Бұл күні мерекенің әсерінен колледждің іші бұрынғысынан да жанданып, шаттықтан шашу шашылды. Мереке барысында қазақ халқының ежлден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлері «Наурыз-шашу», «Тұсау кесер» көрсетіліп, Қыдыр ата батасын беріп, ән шашу шашылып, би биленіп, тойдың әрін кіргізді. Сонымен қатар, Наурызнаманың онкүндігінің «Ұлттық спорт күні» қортындыланып, жүлдегерлер анықталды. Жақсылықтың жаршысы болған көктемнің шуақты мейрамын бәрі де асыға күтіп, ерекше құрмет көрсетеді.
Колледжімізде Наурыз мерекесі осылай атап өтілді. Салт – дәстүрден көрініс көрсету, ән, би, ұлттық ойындар өткенімізді жаңғырту, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында қойылған болатын. Ең бастысы, студенттердің бойына мерекені тойлау барысында ұлттық құндылықтарымызды сіңірте алдық деген ойдамыз.

#Біртұтастәрбие
#Тәрбиежұмысы
#Наурызнама
#Ұлттықспорткүні
#ШАТК


Фото: ЩАТК

Пікірлер қосу